НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. 54 жастағы Алматы тұрғыны 5 адамды атып тастады. Төтенше оқиға бүгін сағат 17:00-де "Ақбұлақ" шағын ауданында болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олар сот үкімін орындауға келген. Үкімге сәйкес, үй иесі баспананы босатуға тиіс еді. Бірақ 1967 жылы туған ер адам қарсылық көрсетіп, екі полицей мен сот орындаушыларға оқ атқан.
"Бес адам, оның ішінде қызметтік міндетін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды. Біз қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз", - делінген ресми хабарламада.
Күдікті ұсталды. Қазіргі кезде жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.
Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің аты-жөні жарияланды:
- Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған;
- Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған.
Оқи отырыңыз:
- Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады - оқиғаның мән-жайы
- Алматыдағы төтенше оқиға: әлеуметтік желіде атыс туралы ақпарат тарап жатыр
-
Қалыңдықпен билегісі келген қонақты атып тастады – видео