17:24 23 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Алматыдағы атыс: 5 адам қаза болды (25)
1419 0 0

ІІМ баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығармады, алайда растаған да жоқ. Тексеріліп жатқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде төтенше оқиға туралы ақпарат тарап жатыр. Сот орындаушылары отбасын үйден шығаруға келгенде үй иесі оқ жаудырған. Ішкі істер министрлігі ақпаратты тексеріп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Біраз уақыттан соң ақпаратты Алматы қаласы полиция департаменті растады. Олар қызметтік міндетін атқару кезінде полицейлер қаза болғанын хабарлап, жақындарына көңіл айтты.

Ресми мәліметке сәйкес, төтенше оқиға бүгін сағат 17:00-де "Ақбұлақ" шағын ауданында болған.

Сот үкіміне сәйкес, 54 жастағы тұрғын баспананы босатуы тиіс болатын. Бірақ 1967 жылы туған ер адам қарсылық көрсетіп, екі полицей, сот орындаушыларға оқ атқан. Бес адам көз жұмды.

Күдікті ұсталды. Қазіргі кезде жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.

Тақырып:
Алматыдағы атыс: 5 адам қаза болды (25)

Тақырып бойынша

Таразда 19 жастағы жігіт балаларға оқ атты – үшеуі ауруханаға түсті
Жамбыл облысында жас жігіт 5 адамға оқ атты
Ақмола облысында жүкті әйел отырған "жедел жәрдемге" оқ атты деген күдікті анықталды
Алматы облысында полиция басшыларының бірінің көлігіне белгісіз біреулер оқ атты
Қыз мектепке баса-көктеп кіріп, мұғалімдерді арбалетпен атты
Кілт сөздер:
Алматы, оқ
Загрузка...

Басты тақырып