НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде төтенше оқиға туралы ақпарат тарап жатыр. Сот орындаушылары отбасын үйден шығаруға келгенде үй иесі оқ жаудырған. Ішкі істер министрлігі ақпаратты тексеріп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Біраз уақыттан соң ақпаратты Алматы қаласы полиция департаменті растады. Олар қызметтік міндетін атқару кезінде полицейлер қаза болғанын хабарлап, жақындарына көңіл айтты.
Ресми мәліметке сәйкес, төтенше оқиға бүгін сағат 17:00-де "Ақбұлақ" шағын ауданында болған.
Сот үкіміне сәйкес, 54 жастағы тұрғын баспананы босатуы тиіс болатын. Бірақ 1967 жылы туған ер адам қарсылық көрсетіп, екі полицей, сот орындаушыларға оқ атқан. Бес адам көз жұмды.
Күдікті ұсталды. Қазіргі кезде жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.