Әлем

Қалыңдықпен билегісі келген қонақты атып тастады – видео

© Photo : СС0 / elkimmelitoСеребряные кольца
Серебряные кольца - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Қалыңдықпен бірнеше ер адам би билегісі келген. Олардың арасында жанжал басталып, соңы оқ атумен аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Ресейдегі Қарашай-Шеркес республикасында үйлену тойының мейманын атып тастады, деп жазады "112" Telegram-арнасы.

Қалыңдықпен бірнеше ер адам би билегісі келген. Олардың арасында жанжал басталып, соңы оқ атумен аяқталды.

Кеуде тұсына оқ тиген ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол есін жимастан жан тапсырған.

Күдіктілер - 31 жастағы Аслан Утагонов пен 32 жастағы Самвел Киракосян. Болған жағдайдан кейін олар ақ Porsche Cayenne көлігімен ізін суытқан.

Біреуі ұсталды, екінші күдікті іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар
0