Оқиға

Атырауда 19 жастағы қыз сегізінші қабаттан секіріп кетті

CC0 / / Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Атырау облыстық полиция департаментінің дерегінше, 2002 жылы туған қыз оқиға орнында қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Атырау қаласының 19 жастағы тұрғыны сегізінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды жергілікті ATPress.kz басылымы.

Оқиға "Алмагүл" ықшамауданындағы 18-үйде болған.

Мұндай деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Сегізінші қабат терезесінен секіріп кеткен 2002 жылы туған қыз оқиға орнында қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде қыз бен жігіт 25-қабаттан секіріп кетті

Жаңалықтар
0