НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Атырау қаласының 19 жастағы тұрғыны сегізінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды жергілікті ATPress.kz басылымы.
Оқиға "Алмагүл" ықшамауданындағы 18-үйде болған.
Мұндай деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Сегізінші қабат терезесінен секіріп кеткен 2002 жылы туған қыз оқиға орнында қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде қыз бен жігіт 25-қабаттан секіріп кетті