Оқиға

Ақтөбеде қыз бен жігіт 25-қабаттан секіріп кетті

© Sputnik / Алексей МальгавкоКөпқабатты үй, архивтегі сурет
Көпқабатты үй, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, көпқабатты үйдің ауласында екі адамның денесі жатқанын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласында 18 жастағы жігіт пен 17 жастағы қыз 25-ші қабаттағы балконнан секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 қараша таңғы сағат жетіде қала тұрғыны полицияға хабарласып, 11-шағын ауданындағы №112 "В" үйінің ауласынан екі жас адамның мәйіті табылғанын айтқан.

"Тексеріс кезінде олардың бірі бұрын жоғалған 17 жастағы қыз екені анықталды. Екіншісі оның 18 жастағы досы болып шықты. Қыз бен жігіт 25-қабаттағы кіреберістің балконынан секіріп кеткен", - делінген хабарламада.

Полицейлер қаза болғандардың жеке затын тәркіледі. Суицид себептерін анықтау бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-тармағы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркелді.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, жасөспірімдер арасындағы суицидке, көп жағдайда, жауапсыз махаббат, ата-анасымен немесе құрдастарымен болған жанжал, жалғыздық себеп болып жатады.

Жаңалықтар
0