Өңірлер

Оралда балалары ренжісіп қалған ата-аналар төбелесті – видео

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Бірнеше адам жеңіл дене жарақатын алған. Оларға қатысты "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Оралда балалар алаңында ата-аналар төбелесіп қалды.

Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға 25 мамырда болған. Полицияға көпқабатты үйдің ауласында көршілер арасында жанжал шыққаны туралы хабар кешкі сағат 22:00 шамасында түсті. Куәгерлер не болғанын видеоға түсіріп үлгерген, деп хабарлады Polisia.kz. 

Бастапқыда балалар ренжісіп қалған, содан кейін олардың ата-анасы жанжалдасқан. Арты төбелеске ұласқан.

Төбелеске қатысқан бірнеше адам жеңіл дене жарақатын алған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Бейнеуде соңғы қоңырау күні жаппай төбелес болды – видео 

Аталған бап бойынша 5000 АЕК (14 585 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Жаңалықтар
0