Өңірлер

Бейнеуде соңғы қоңырау күні жаппай төбелес болды – видео

© Sputnik / Владимир Воронин / Медиабанкке өтуАрхивное фото массовой драки
Архивное фото массовой драки - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Оқиға орнында 7 адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Полицейлер "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу шараларын бастады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Маңғыстау облысында екі мектептің оқушылары төбелесіп қалды. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жаппай төбелес бүгін сағат 11:00-де Бейнеу ауылында болған. Екі мектептің оқушылары төбелескен.

"Ж.Қалдығараев атындағы және Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болған. Оқиға орнында 7 адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеу шаралары басталды.

Айта кеткен жөн, бүгін мектептердегі соңғы қоңырауға байланысты полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0