АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Оралда балалар алаңында ата-аналар төбелесіп қалды.
Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға 25 мамырда болған. Полицияға көпқабатты үйдің ауласында көршілер арасында жанжал шыққаны туралы хабар кешкі сағат 22:00 шамасында түсті. Куәгерлер не болғанын видеоға түсіріп үлгерген, деп хабарлады Polisia.kz.
Төбелеске қатысқан бірнеше адам жеңіл дене жарақатын алған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз: Бейнеуде соңғы қоңырау күні жаппай төбелес болды – видео
Аталған бап бойынша 5000 АЕК (14 585 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.