НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Воронежде ер адам биік ғимараттан арбадағы баланың үстіне құлаған сәт байнебақылау камерасына түсіп қалды.
В Воронеже мужчина упал с высоты на коляску с младенцем. Ребенок умер в машине скорой помощи https://t.co/6W3dKk4SjY pic.twitter.com/6C0zTvn6uG
— РИА Новости (@rianru) February 4, 2021
Интернетте оқиғаның видеосы пайда болды. Қайғылы оқиға туралы облыстың төтенше жағдайлар қызметінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ақпарат көзінің дерегінше, оқиға бейсенбі күні болған. Ал құтқарушыларға қоңырау 17:03-те түскен.
"Биіктіктен құлаған ер адам оқиға орнында, ал арбадағы бес айлық нәресте жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", – делінген ақпаратта.
" МОЁ! Online" басылымының хабарлауынша, қайтыс болған нәресте отбасындағы жалғыз бала екен.
Оқи отырыңыз: Көлік жерасты өткеліне құлады: Алматыдағы апаттан үш бала зардап шекті – фото