Оқиға

Терезеден секірген ер адам арбаның үстіне құлады - бала тіл тартпай кетті

© Photo : pixabay.comНәресте, иллюстративті фото
Нәресте, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Медициналық жедел жәрдем көлігінде көз жұмған бес айлық сәби отбасындағы жалғыз бала болған

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Воронежде ер адам биік ғимараттан арбадағы баланың үстіне құлаған сәт байнебақылау камерасына түсіп қалды. 

​Интернетте оқиғаның видеосы пайда болды. Қайғылы оқиға туралы облыстың төтенше жағдайлар қызметінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ақпарат көзінің дерегінше, оқиға бейсенбі күні болған. Ал құтқарушыларға қоңырау 17:03-те түскен.

"Биіктіктен құлаған ер адам оқиға орнында, ал арбадағы бес айлық нәресте жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", – делінген ақпаратта.

" МОЁ! Online" басылымының хабарлауынша, қайтыс болған нәресте отбасындағы жалғыз бала екен.

Оқи отырыңыз: Көлік жерасты өткеліне құлады: Алматыдағы апаттан үш бала зардап шекті – фото

Жаңалықтар
0