НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Алматыда Сәтпаев пен Манас көшелерінің қиылысында болған апат салдарынан әйел мен үш бала зардап шекті.
© Sputnik / СтрингерСәтпаев көшесінде аударылып, жерасты өткеліне құлаған көлік
Сәтпаев көшесінде аударылып, жерасты өткеліне құлаған көлік
© Sputnik / Стрингер
Оқиға бүгін, 14 қарашада болды. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші әйел Mitsubishi Pajero автокөлігін Сәтпаев көшесімен батыс бағытта жүргізіп келе жатқан.
Белгісіз себептермен ол көлікті басқара алмай қалған. Нәтижесінде автокөлік аударылып, жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткеліне құлаған.
© Sputnik / СтрингерАпат салдарынан жүргізушімен бірге үш бала жарақат алды
Апат салдарынан жүргізушімен бірге үш бала жарақат алды
© Sputnik / Стрингер
Жол апатынан төрт адам жарақат алды – жүргізуші мен үш бала. Барлығы жақын ауруханаға жеткізілді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде.
Оқи отырыңыз: Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды