Оқиға

Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды

© Photo : www.lada.kzТүйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көліктің үй жануарына қатты соғылғаны сонша, түйенің бас жағы көліктің үстіне шығып кеткен, ал денесінің төменгі жағы салонға кірген

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында жеңіл көлік түйеге соғылды. Жол апатынан жүргізушінің жанында отырған әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 11 қарашада болған. Мercedes-benz көлігінің жүргізушісі жолға шығып кеткен түйені байқамай қалған. Содан автомобиль қатты жылдамдықпен жануарға соғылды. 

"Жол апаты, шамамен, кешкі сағат 19:15-те Ақтау-Құрық тас жолында болған. Жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Ал жарақат алған көлік жүргізушісін Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізді. Осы оқиға Мұнайлы аудандық полиция бөлімшесіне тіркелді", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде жол апатына ұшыраған көліктің фотолары тарап жүр. Автомобильдің үй жануарына қатты соғылғаны сонша, түйенің бас жағы көліктің үстіне шығып кеткен. Ал денесінің төменгі жағы салонға кірген.

© Photo : lada.kzМаңғыстау облысында болған жол апатынан әйел көз жұмды
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды - Sputnik Қазақстан
Маңғыстау облысында болған жол апатынан әйел көз жұмды
Жаңалықтар
0