Экономика

Атаулы әлеуметтік көмек мерзімі ұзартылады – министрлік

© Sputnik / Болат ШайхиновДеньги
Деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Төлем автоматты түрде ұзартылады. Ол үшін құжат жинаудың қажеті жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңінде 2021 жылдың 4 тоқсанында қолданыста болған атаулы әлеуметтік көмектің мерзімі ұзартылатынын хабарлады.
"Әлеуметтік көмек автоматты түрде 2022 жылдың 1 тоқсанына тағайындалатын болады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов брифингте.
Ол төлем автоматты түрде ұзартылатынын атап өтті.
"Азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ. Куәландыру уақыты таяған мүмкіндігі шектеулі жандарға да мүгедектік статусы автоматты түрде ұзартылады. Оларға да ешқайда барудың қажеті жоқ. Мемлекет әлеуметтік төлемдер және зейнетақымен уақытылы және толық көлемде қамтамасыз етеді", - деді ол.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0