Қоғам

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Оған төтенше жағдай режимі мен интернеттің жоқтығы себеп болды
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстан бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Оған төтенше жағдай режимі мен интернеттің жоқтығы себеп.
Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін 25 жолаушы және 120 жүк пойызы тоқтағаны хабарланған болатын. "Қазақстан темір жолы" АҚ ақпаратынша, 10 құрама кері оралған. Сондай-ақ 5 қаңтардан бастап "ҚТЖ" компаниясы қозғалыс жабылған стансалар арқылы өтетін жолаушылар пойыздарына "Алматы-1", "Алматы-2", "Маңғыстау", "Атырау, "Ақтөбе", "Нұр-Сұлтан" стансаларына дейін билет сатуды тоқтатты. Билеттің ақшасы ешқандай комиссиясыз толық қайтарылады. Бұдан бөлек, 6 қаңтарда таңертең 129 жүк көлігінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар төтенше жағдай режиміне байланысты бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде мешіттерде діни жоралар уақытша тоқтатылды.
Ал оқушылардың қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Каникул 10 қаңтарда аяқталуға тиіс еді. 
Жаңалықтар
0