Экономика

Бензин мен дизель бағасына уақытша мемлекеттік реттеу енгізіледі

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАвтозаправочная станция, топливные "пистолеты"
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Үкімет бензин мен дизель отынының жаңа бағасын жариялады –ол алдағы жарты жылда осы деңгейде сақталады
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын уақытша – 180 күн бойы мемлекет реттеп отырады. Бұл шешім президенттің тапсырмасына орай қабылданды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қосылған құн салығын ескере отырып, бензинді бөлшек саудада өткізуге мынадай шекті бағалар белгіленді:
  • АИ-80 – литрі 89 теңге
  • АИ-92 және АИ-93 – литрі 182 теңге
  • АИ-95 – литрі 215 теңге
Дизель отынының шекті бағасы:
  • Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 260 теңге.
  • Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында – литрі 230 теңге.
Сонымен қатар үкімет көлікке құятын сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекітті.
  • Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында газ бағасы литріне 50 теңге (шалғай аудандарда (200 шақырымнан астам) – 55 теңге);
  • Шымкент, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында – литріне 60 теңге (шалғай аудандарда 65 теңге).
  • Алматыда бағасы литріне 65 теңге;
  • Нұр-Сұлтан, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 70 теңге (шалғай аудандарда 75 теңге).
Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасымен Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысына дайындық жұмыстары жеделдетілді.
Жаңалықтар
0