Экономика

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 миллиард долларға жетуі мүмкін

© Photo : Сайт президента УзбекистанаКасым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев
Касым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
Кейінгі жылдары Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен кәсіпорындары мен жобалары саны алты есеге артты
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы өсетінін хабарлады.
"Өзбекстан мен Қазақстан – экономикалық серіктестер. Біздің экономикамыз бәсекелеспейді, керісінше бірін-бірі толықтырады. Өзара сауда өсіп жатыр. Биыл тауар айналымы рекордтық 4 миллиард долларға жетеді деп жоспарланып отыр. Автомобиль және теміржол жүк тасымалының көлемі ұлғайып жатыр. Әуе қатынасы толық қалпына келтірілді, жаңа бағыттар ашылып жатыр. Біздің жетекші кәсіпорындарымыз кооперацияны табысты жүргізуде. Кейінгі жылдары экономиканың барлық секторында бірлескен кәсіпорындар мен жобалар саны алты есеге артты", - деді Шавкат Мирзиеев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде.
Өзбекстан басшысының сөзін оның баспасөз қызметі жариялады.
Кездесу кезінде екі елдің өңірлері мен бизнес топтары арасындағы тікелей байланыстар маңызды рөл атқаратын сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту ерекше аталды.
Айта кетері, бұған дейін Тоқаев тараптар жақын арада тауар айналымы көлемін 5 миллиард долларға, содан кейін 10 миллиард долларға дейін жеткізу міндетін қойғанын айтты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Мирзиёев не туралы сөйлесті – Ақорда ресми ақпарат жариялады 
Өзбекстан президентінің Қазақстанға сапары қарсаңында Түркістанда екі елдің премьер-министрлерінің басшылығымен үкіметаралық комиссияның отырысы және өңірлер форумы өтті. Жақында Қазақстан астанасында бизнес-форум сәтті өтті. Осы іс-шаралардың қорытындысы бойынша құны 6 миллиард доллар болатын келісімшарттарға қол қойылды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға келді.
Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда қонақты құрметті қарауыл сапқа тұрып қарсы алды. Мирзиёевті президент Тоқаев әуежайдан күтіп алды.
Жаңалықтар
0