https://sputnik.kz/20211206/qazaqstan-ozbekstan-tauar-aynalymy-18835611.html
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 миллиард долларға жетуі мүмкін
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 миллиард долларға жетуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Кейінгі жылдары Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен кәсіпорындары мен жобалары саны алты есеге артты 06.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-06T16:05+0500
2021-12-06T16:05+0500
2022-02-02T09:58+0500
экономика
өзбекстан
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/06/18831280_0:130:1280:853_1920x0_80_0_0_763b995991b45e56ae3d44774ea6e1e5.jpg
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы өсетінін хабарлады."Өзбекстан мен Қазақстан – экономикалық серіктестер. Біздің экономикамыз бәсекелеспейді, керісінше бірін-бірі толықтырады. Өзара сауда өсіп жатыр. Биыл тауар айналымы рекордтық 4 миллиард долларға жетеді деп жоспарланып отыр. Автомобиль және теміржол жүк тасымалының көлемі ұлғайып жатыр. Әуе қатынасы толық қалпына келтірілді, жаңа бағыттар ашылып жатыр. Біздің жетекші кәсіпорындарымыз кооперацияны табысты жүргізуде. Кейінгі жылдары экономиканың барлық секторында бірлескен кәсіпорындар мен жобалар саны алты есеге артты", - деді Шавкат Мирзиеев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде.Өзбекстан басшысының сөзін оның баспасөз қызметі жариялады.Кездесу кезінде екі елдің өңірлері мен бизнес топтары арасындағы тікелей байланыстар маңызды рөл атқаратын сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту ерекше аталды.Айта кетері, бұған дейін Тоқаев тараптар жақын арада тауар айналымы көлемін 5 миллиард долларға, содан кейін 10 миллиард долларға дейін жеткізу міндетін қойғанын айтты.Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Мирзиёев не туралы сөйлесті – Ақорда ресми ақпарат жариялады Өзбекстан президентінің Қазақстанға сапары қарсаңында Түркістанда екі елдің премьер-министрлерінің басшылығымен үкіметаралық комиссияның отырысы және өңірлер форумы өтті. Жақында Қазақстан астанасында бизнес-форум сәтті өтті. Осы іс-шаралардың қорытындысы бойынша құны 6 миллиард доллар болатын келісімшарттарға қол қойылды.Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға келді.Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда қонақты құрметті қарауыл сапқа тұрып қарсы алды. Мирзиёевті президент Тоқаев әуежайдан күтіп алды.
өзбекстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/06/18831280_0:48:1280:853_1920x0_80_0_0_eade2030ae02f67eb728b6badbbfa785.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, қазақстан
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 миллиард долларға жетуі мүмкін
16:05 06.12.2021 (жаңартылды: 09:58 02.02.2022) Кейінгі жылдары Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен кәсіпорындары мен жобалары саны алты есеге артты
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы өсетінін хабарлады.
"Өзбекстан мен Қазақстан – экономикалық серіктестер. Біздің экономикамыз бәсекелеспейді, керісінше бірін-бірі толықтырады. Өзара сауда өсіп жатыр. Биыл тауар айналымы рекордтық 4 миллиард долларға жетеді деп жоспарланып отыр. Автомобиль және теміржол жүк тасымалының көлемі ұлғайып жатыр. Әуе қатынасы толық қалпына келтірілді, жаңа бағыттар ашылып жатыр. Біздің жетекші кәсіпорындарымыз кооперацияны табысты жүргізуде. Кейінгі жылдары экономиканың барлық секторында бірлескен кәсіпорындар мен жобалар саны алты есеге артты", - деді Шавкат Мирзиеев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде.
Өзбекстан басшысының сөзін оның баспасөз қызметі жариялады.
Кездесу кезінде екі елдің өңірлері мен бизнес топтары арасындағы тікелей байланыстар маңызды рөл атқаратын сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту ерекше аталды.
Айта кетері, бұған дейін Тоқаев тараптар жақын арада тауар айналымы көлемін 5 миллиард долларға, содан кейін 10 миллиард долларға дейін жеткізу міндетін қойғанын айтты.
Өзбекстан президентінің Қазақстанға сапары қарсаңында Түркістанда екі елдің премьер-министрлерінің басшылығымен үкіметаралық комиссияның отырысы және өңірлер форумы өтті. Жақында Қазақстан астанасында бизнес-форум сәтті өтті. Осы іс-шаралардың қорытындысы бойынша құны 6 миллиард доллар болатын келісімшарттарға қол қойылды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға келді.
Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда қонақты құрметті қарауыл сапқа тұрып қарсы алды. Мирзиёевті президент Тоқаев әуежайдан күтіп алды.