04:37 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Экономика
Қысқа сілтеме алу
6301 0 0

Кәсіпкерлер дабыл қақты: құрылыс материалдары бағасының күрт өсуі баспананың қымбаттауына әкеп соғады

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда жаңа салынған пәтерлер 25-30%-ке қымбаттауы мүмкін. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің алаңында өткен шұғыл жиналыста бағаның не себепті өсуі мүмкін екені айтылды.

"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева құрылыс материалдарының бағасы күрт өскенін мәлімдеді.

Құрылысшылардың ақпаратынша, наурыз-сәуірде арматура тоннасына 198 мыңнан 430-480 мың теңгеге, цемент 16,5 мыңнан 32 мың теңгеге дейін, кірпіш, газоблок, қадалар 30-60%-ке, битум 45-60%-ке қымбаттады.

Осыған байланысты үйлердің бағасы 25-30%-ке өсуі мүмкін, деді Якупбаева құрылыс ұйымдарының есептеулеріне сілтеме жасап.

Енді нысандардың құрылысын қалай аяқтау мәселесі туындап отыр, деп жазды ол Facebook-те.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында шаршы метр бағасы шектеулі, мемлекеттік сатып алу нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтті, деп түсіндірді Якупбаева.

Тағы оқыңыз: "Баспана хит" және "7-20-25" жабылады – тұрғын үй нарығында қандай өзгеріс болуы мүмкін

Оның айтуынша, елде бағаның күрт өсуін дер кезінде бақылауға алуға мүмкіндік беретін құрылыс материалдары бағасының цифрлық реестрі жоқ.

Бұрынғы бағамен көрсетілген ескі жобалық-сметалық құжаттама, кадрлық дисбаланс та өзекті проблемалардың бірі, деп жазды Якупбаева.

"Жылдар бойы шешілмей келе жатқан проблемалармен салыстырғанда, "құрылысты арзандатудағы жеңіс – теңізге тамған тамшыдай. Бұған тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламаларын қысқарту жоспары да қосылады. Бұған қоса, кредит мөлшерлемесі де нарықтағы деңгейге дейін өседі", - деді ол.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тиісті есептеулер мен ұсыныстарды әзірлеп, үкіметке жолдайды.

Тақырып бойынша

Елімізде "7-20-25" және "Баспана хит" бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады
Министр кезекте тұрған азаматтарға баспана беру тәртібін түсіндірді
Кілт сөздер:
құрылыс, баға, баспана
Загрузка...

Басты тақырып