Экономика

Ұрлау оңай болған – Қожамжаров "Бәйтеректегі" жемқорлық дауы туралы

© SputnikҚайрат Қожамжаров
Қайрат Қожамжаров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Қайрат Қожамжаров "Бәйтерек" қорындағы жемқорлыққа бейім ахуал туралы сөз қозғады

АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Бәйтерек" ұлттық холдингі басқармасындағы аты шулы жемқорлық дауын еске алды. 

Мемлекеттік қызметкерлер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстанда жоғары лауазымды шенеуніктердің саны қысқаруы мүмкін

"Негізінде көріп отырғанымыздай, бірқатар қылмыстық істерді тергегеннен соң кейбір жүйелік қауіп-қатерді де айқындай түсеміз, бұл мемлекетіміздің әртүрлі салаларындағы жемқорлық схемалардың туындауына себеп болды. Мәселен, Ұлттық қордан ұзақ уақыт бойы қаражат қымқырған қылмыстық топты әшкерелегеннен соң тура сондай жайт орын алды. "Бәйтерек" ұлттық қорын айтып отырмын. Біз қаражат жымқыруға қолайлы жағдай туғызып отырған біршама күрделі мәселелерді анықтадық. Квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік сатып алу туралы заңдар кеңейтілмеген. Корпоративтік кодекс бойынша, бір адам кәсіпкерлердің қайсысы тендерге, қандай да бір мемлекеттік тапсырысқа қатысатыны туралы жалғыз өзі шешім қабылдай алады", — дейді Қожамжаров агенттік коллегиясының отырысында.

Оның айтуынша, бұл мәселеде қоғамдық қадағалауды күшейту қажет, өйткені жемқорлықты болдырмау үшін бар жайтты айқын түрде жариялаған жөн. 

Жаңалықтар
0