Саясат

Қазақстанда жоғары лауазымды шенеуніктердің саны қысқаруы мүмкін

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуМемлекеттік қызметкерлер
Мемлекеттік қызметкерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда А корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту жөнінде ұсыныс дайындалды

АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Қазақстанда А корпусындағы қызметкерлердің санын азайтуы мүмкін деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.

Шенеунік - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев шенеуніктер саны туралы: өздігінен көбеюі таңқаларлық

"Талай жылғы жинаған тәжірибемізді ескеріп, А корпусы басқару органдарының қызметкерлері институтын жетілдіруге тиіспіз. Президент әкімшілігімен бірігіп, мемлекет басшысына берілетін концептуалдық ұсыныс әзірлеп қойдық. Ол А корпусындағы лауазымдарды, жауапты хатшыларды, комитет төрағалары мен өңір орталықтарындағы аппараттардың басшыларын, қала және аудан әкімдерін қысқартуға байланысты", — деп мәлімдеді Қожамжаров 2016 жылдың қорытындысы бойынша өткен агенттік коллегиясының отырысында.

Оның айтуынша, мұндай жұмыс орындарына жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі мол басқа қызметкерлер тікелей конкурс арқылы келе алады. 

Жаңалықтар
0