Денсаулық

Қазақстанда ревакцинациядан қанша адам өтті

© Sputnik / Абзал КалиевЭлектронный паспорт вакцинации
Электронный паспорт вакцинации  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Әлемдік рейтингте Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы екі дозамен вакцинациялау бойынша 208 елдің ішінде 103-орында тұр
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев ревакцинациядан өткен адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ревакцинацияны Қазақстан Республикасының 303 мың азаматы алды", - деді Бүркітбаев үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, Pfizer вакцинасын салдырған адамдар да аз емес. Осы уақытқа дейін бірінші компонентімен 235 117 адам егілді. Олардың ішінде 187 315 жасөспірім, 47 786 жүкті және бала емізетін әйел бар. Екінші компонентін 66 017 адам алды.
"Республика бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентпен 8,9 млн. астам адам салдырды. Бұл - егілуге тиісті халықтың 78,3 проценті. Ал екінші компонентпен 8,4 млн. астам адам егілді (73,8%)", - деп атап көрсетті Бүркітбаев.
Әлемдік рейтингте Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы екі дозамен вакцинациялау бойынша 208 елдің ішінде 103-орында тұр. Ал Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері ішінде екінші орында келеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0