https://sputnik.kz/20211220/Omikron-totenshe-zhagday-18931541.html
Лондонда "Омикронға" байланысты төтенше жағдай енгізілді
Лондонда "Омикронға" байланысты төтенше жағдай енгізілді
Sputnik Қазақстан
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл пандемия басталған шақтан бері ең жоғарғы көрсеткіш 20.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-20T14:59+0500
2021-12-20T14:59+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
лондон
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/14/18930874_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_4123067f9b2fa0aa02a767fe122b8f26.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан — Sputnik. Лондон мэрі Садик Хан коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қалада төтенше жағдай режимі енгізілгені туралы хабарлады. Ол бұл туралы өзінің Twitter парақшасында жазды."Бас қаламызда "Омикрон" штамының тез таралуына байланысты бүгін Лондонда төтенше жағдай енгізілгені туралы хабарлаймын", - деп жазды Садик Хан.Лондон мэрінің айтуынша, соңғы 24 сағат ішінде коронавирус жұқтырудың пандемия басталған уақыттан бері ең жоғарғы көрсеткіші – 26 мың адамның вирус жұқтыруы тіркелген.RT хабарлағандай, бір тәулік ішінде 10 059 адам омикрон-штамм жұқтырғаны анықталған. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен (3 201) шамамен үш есе көп. Осылайша жаңа штамм жұқтырғандардың жалпы саны 24 968 адамға жетті.Ұлыбританияда "омикроннан" жалпы жеті адам қайтыс болды.Омикрон-штамның белгілеріБіраз бұрын ZOE COVID Study британдық зерттеушілері коронавирустың омикрон-штамын жұқтырғандар арасында жиі кездесетін симптомдар тізімін жариялады. Олардың қатарында мұрынның бітелуі, бас ауруы, қатты шаршаңқылық, жиі түшкіру, сондай-ақ тамақ жыбырлауы бар. Ал британдық Express газетінің журналистері жаңа штамның ерекше белгісі – тәбет жоғалуына мән берген.SARS-CoV-2 жаңа штамы қарашаның соңына қарай Ботсвана мен Оңтүстік Африка Республикасында анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың B.1.1.529 нұсқасына "Омикрон" деген атау беріп, оны "мазасыздық тудырушы" деп сипаттады.Оқи отырыңыз:
лондон
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/14/18930874_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_5c92b8cc7581b4fb0137de9742478e8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
лондон, төтенше жағдай
Лондонда "Омикронға" байланысты төтенше жағдай енгізілді
14:59 20.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл пандемия басталған шақтан бері ең жоғарғы көрсеткіш
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан — Sputnik. Лондон мэрі Садик Хан коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қалада төтенше жағдай режимі енгізілгені туралы хабарлады. Ол бұл туралы өзінің Twitter парақшасында жазды.
"Бас қаламызда "Омикрон" штамының тез таралуына байланысты бүгін Лондонда төтенше жағдай енгізілгені туралы хабарлаймын", - деп жазды Садик Хан.
Лондон мэрінің айтуынша, соңғы 24 сағат ішінде коронавирус жұқтырудың пандемия басталған уақыттан бері ең жоғарғы көрсеткіші – 26 мың адамның вирус жұқтыруы тіркелген.
RT хабарлағандай, бір тәулік ішінде 10 059 адам омикрон-штамм жұқтырғаны анықталған. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен (3 201) шамамен үш есе көп. Осылайша жаңа штамм жұқтырғандардың жалпы саны 24 968 адамға жетті.
Ұлыбританияда "омикроннан" жалпы жеті адам қайтыс болды.
Омикрон-штамның белгілері
Біраз бұрын ZOE COVID Study британдық зерттеушілері коронавирустың омикрон-штамын жұқтырғандар арасында жиі кездесетін симптомдар тізімін жариялады. Олардың қатарында мұрынның бітелуі, бас ауруы, қатты шаршаңқылық, жиі түшкіру, сондай-ақ тамақ жыбырлауы бар. Ал британдық Express газетінің журналистері жаңа штамның ерекше белгісі – тәбет жоғалуына мән берген.
SARS-CoV-2 жаңа штамы қарашаның соңына қарай Ботсвана мен Оңтүстік Африка Республикасында анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың B.1.1.529 нұсқасына "Омикрон" деген атау беріп, оны "мазасыздық тудырушы" деп сипаттады.