Әлем

Лондонда "Омикронға" байланысты төтенше жағдай енгізілді

© Sputnik / Джастин Гриффитс-Уилльямс / Медиабанкке өтуВид на Лондон с южного берега Темзы во время карантина
Вид на Лондон с южного берега Темзы во время карантина - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2021
Жазылу
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл пандемия басталған шақтан бері ең жоғарғы көрсеткіш
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан — Sputnik. Лондон мэрі Садик Хан коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қалада төтенше жағдай режимі енгізілгені туралы хабарлады. Ол бұл туралы өзінің Twitter парақшасында жазды.
"Бас қаламызда "Омикрон" штамының тез таралуына байланысты бүгін Лондонда төтенше жағдай енгізілгені туралы хабарлаймын", - деп жазды Садик Хан.
Лондон мэрінің айтуынша, соңғы 24 сағат ішінде коронавирус жұқтырудың пандемия басталған уақыттан бері ең жоғарғы көрсеткіші – 26 мың адамның вирус жұқтыруы тіркелген.
RT хабарлағандай, бір тәулік ішінде 10 059 адам омикрон-штамм жұқтырғаны анықталған. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен (3 201) шамамен үш есе көп. Осылайша жаңа штамм жұқтырғандардың жалпы саны 24 968 адамға жетті.
Ұлыбританияда "омикроннан" жалпы жеті адам қайтыс болды.

Омикрон-штамның белгілері

Біраз бұрын ZOE COVID Study британдық зерттеушілері коронавирустың омикрон-штамын жұқтырғандар арасында жиі кездесетін симптомдар тізімін жариялады. Олардың қатарында мұрынның бітелуі, бас ауруы, қатты шаршаңқылық, жиі түшкіру, сондай-ақ тамақ жыбырлауы бар. Ал британдық Express газетінің журналистері жаңа штамның ерекше белгісі – тәбет жоғалуына мән берген.
SARS-CoV-2 жаңа штамы қарашаның соңына қарай Ботсвана мен Оңтүстік Африка Республикасында анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың B.1.1.529 нұсқасына "Омикрон" деген атау беріп, оны "мазасыздық тудырушы" деп сипаттады.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0