Денсаулық

Дәрігер ең зиянды жаңғақты атады

© РИА Новости / Медиабанкке өтуОрехи. Архивное фото
Орехи. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
Сондай-ақ маман оны тұтынардан бұрын жібітіп қоюға кеңес берді және оның не үшін қажет екенін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Ресей диетологы Светлана Панченко жержаңғақты ең зиянды жаңғақ деп есептейді. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Жержаңғақты расында да ең зиянды жаңғақ деп атауға болады. Жалпы оны жаңғақ деп есептеу қате, ол бұршақ тұқымдасына жатады және топырақта өседі. Кемшіліктерінің бірі – күшті аллергендердің бірі саналады. Ол топырақта өсетіндіктен, адам денсаулығына кері әсер ететін зеңдердің әсеріне жиі ұшырайды", - деді Панченко.  

Сондай-ақ барлық жаңғақ пен жержаңғақта тағамның құрамындағы темір секілді бірқатар микроэлементтің сіңуіне кедергі келтіретін фитин қышқылы бар.

Сондықтан шикі жаңғақтарды тұтынар алдында бірнеше сағат бойы жібітіп, кептіріп алу керек, деп кеңес берді диетолог.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0