Денсаулық

Маман холестерин мөлшерін реттеудің жолын бөлісті

© Тарас Литвиненкоалма
алма - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Диетологтың айтуынша, рационнан жылдам еритін көмірсуларды алып тастаған абзал

НҰР-СҰЛТАН,  25 қазан — Sputnik. Дәрігер-диетолог Андрей Ковальков ағзадағы холестерин мөлшерін төмендету үшін қан құрамындағы қант мөлшерін реттеу керектігін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның сөзінше, ол үшін ақуызды қажетті мөлшерде тұтынған абзал. Сонымен қатар пектиндер де маңызды рөл атқарады.

Олар уақытында жиналмаған алманың құрамында көп болады.

"Алманың қоңыр жерін кесіп алып, банкаға салып сақтауға болады. Алайда оған қант қоспаған жөн. Алманың қоңырланған жерінде пектиндер көп мөлшерде жиналады", - дейді дәрігер.

Диетолог сонымен қатар жылдам ертитін көмірсуларды рационнан алып тастауға кеңес берді. Оның орнына баяу сіңетін көмірсуларды тұтынған дұрыс.

"Көмірсулардың көлемі тәулігіне 110-115 грамнан аспауға тиіс. Әрине, әр адамға оның физикалық жүктемесіне сай көмірсулардың тәуліктік тұтыну мөлшерін есептеу құба-құп", - деді Ковальенко.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0