НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Желіде тұрғындарды денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатқан жаңа заң жобасына наразылық білдіруге шақыратын жазбалар тарады.
Жазба иесінің айтуынша, заң жобасында өз балаларын вакциналаудан бас тартқандарды ата-ана құқығынан айырып, психиатриялық клиникаларға мәжбүрлеп емдеуге жіберетін нормалар бар.
Қазақстанда осындай нормалар бар заң жобалары қаралып жатқан жоқ.
"Балаларға кез келген екпе жасау тек ата-аналардың келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Елімізде балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялау қазан айында, елге Pfizer/BioNTech өндірген вакцина әкелінген кезде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалуы мүмкін", – деп жазды stopfake.kz денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктегілер балаларды вакциналаудан бас тартқаны үшін ата-ана құқығынан айыратыны, өз баласына дауысын көтергендер психотроптық препараттармен мәжбүрлеп емделетіні туралы хабарламалар шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Денсаулық министрі балаларды вакциналауға қатысты сауалға жауап берді