16:58 23 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (389)
3033 0 0

Цой Қазақстанда 2 миллион бала бар екенін еске салды. Бірақ ата-аналардың барлығы бірдей вакцина салдыртуға келісім бермеуі де мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды вакциналауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазіргі кезде тек ересек адамдар ғана вакцина салдыра алады. Бірақ біз балаларға да вакцина салдыру құқығын беруіміз керек. Себебі қазіргі кезде ата-аналардың көбісі өтініш жасап, өз балаларын вакциналауды сұрайды. Бірақ, өкінішке қарай, әзірше Қазақстанда ондай вакцина жоқ", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, балаларға да вакцина ерікті түрде салынады. Ондай вакцина жеткізілсе, ата-аналардың жазбаша рұқсатымен ғана егіледі. 

"Вакцинаны балаларға салуға рұқсат берілген бойда біз екпені жеткізуге тырысамыз. Сол кезде вакциналаудың нақты мерзімі де анықталады. Бірақ балаларға басымдық жасалады. Ол – анық нәрсе", - деп атап көрсетті Цой.

Осы орайда министр Қазақстанда 2 миллион бала бар екенін еске салды. Бірақ ата-аналардың барлығы бірдей өз келісімін бермеуі де мүмкін. Сондықтан балаларды вакциналау қарқынына қарай екпенің дозасы да есептеледі.

Цой балаларды вакциналау ерікті түрде жүргізілетініне баса назар аударды. Сондықтан мектепке кіргізу жағынан ешқандай шектеу болмайды.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (389)

Тақырып бойынша

"Вакцина алғандар 2 жылдан кейін қайтыс болады": әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады
Вакцина салдырмағандардың баласын алып кетеді деген ақпарат тарады – ресми жауап
Антиваксерлер шенеуніктерге тап берді: Цой әйелдермен кездесуге неге шықпады
Қазақстанда балаларға вакцина салынуы мүмкін
Қазақстанда вакцина алмаған қызметкерлерге жұмысқа келуге тыйым салынды – жаңа қаулы
Кілт сөздер:
денсаулық, министр, балалар, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып