Денсаулық

Балаларын вакциналаудан бас тартқандар ауруханаға жатқызылады деген рас па

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаттар отырысы
Депутаттар отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
Министрік мәліметінше, балаларға кез келген екпе жасау тек ата-аналардың келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Желіде тұрғындарды денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатқан жаңа заң жобасына наразылық білдіруге шақыратын жазбалар тарады.

Жазба иесінің айтуынша, заң жобасында өз балаларын вакциналаудан бас тартқандарды ата-ана құқығынан айырып, психиатриялық клиникаларға мәжбүрлеп емдеуге жіберетін нормалар бар.

Қазақстанда осындай нормалар бар заң жобалары қаралып жатқан жоқ.

"Балаларға кез келген екпе жасау тек ата-аналардың келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Елімізде балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялау қазан айында, елге Pfizer/BioNTech өндірген вакцина әкелінген кезде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалуы мүмкін", – деп жазды stopfake.kz  денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктегілер балаларды вакциналаудан бас тартқаны үшін ата-ана құқығынан айыратыны, өз баласына дауысын көтергендер психотроптық препараттармен мәжбүрлеп емделетіні туралы хабарламалар шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрі балаларды вакциналауға қатысты сауалға жауап берді

 

Жаңалықтар
0