https://sputnik.kz/20211216/Parizh-Tauelsizdik-kontsert-18913700.html
Парижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті – фото
Парижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті – фото
Sputnik Қазақстан
Әртістер халқымыздың ұлттық құндылықтары көрініс тапқан "Япурай" және "Көроғлы" туындыларын ұсынды 16.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-16T15:14+0500
2021-12-16T15:14+0500
2023-08-09T12:26+0500
мәдениет
париж
концерт
тәуелсіздік күні
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/10/18913636_0:10:1080:620_1920x0_80_0_0_7ff00fe4c788cc1d1ae668048512db6e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Парижде қазақстандық музыкалық мәдениеттің озық үлгілерін паш еткен "FORTE-TRIO" ұжымына француз жұртшылығы зор қошемет көрсетті. Шетелдік көрермендерді тамсандырған "FORTE-TRIO" мемлекеттік триосының бұл концерті Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған халықаралық гастрольдер аясында өтті.Қазақстандық әртістер Париж төрінде орналасқан әйгілі Сortot залында өнер көрсетті. Ғасырға жуық тарихы бар, акустикасы ерекше бұл концерттік залды әлемдік классикалық өнердің жарық жұлдыздары ерекше бағалайды. FORTE-TRIO концерті туралы осыдан біраз уақыт бұрын Сortot залының сайтында жарияланған афиша көрермен назарына бірден ілікті.Трионың шеберлігі қазақстандық әртістердің өнерін тамашалауды асыға күткен көрермендердің көңілінен шықты. Трио әртістері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұжымның негізін қалаушы Тимур Урманчеев (фортепиано), халықаралық байқаулардың лауреаттары Мұрат Нарбеков (виолончель) пен Шолпан Манкеева (скрипка) отандық музыкалық өнерді жоғары деңгейде көрсете білді.Ұлттық және әлемдік классикалық репертуардан тұратын концерттік бағдарлама талғампаз шетелдік көрерменді бірден баурап алды. Әртістер халқымыздың ұлттық құндылықтары көрініс тапқан "Япурай" және "Көроғлы" туындыларын ұсынды. Трио Еуразия кеңістігінде орналасқан ұжым ретінде түрлі музыкалық бағыттарды шебер игергенін тағы да дәлелдей түсті. Ыстық ықыласын аямаған тыңдарман әртістерге зор қошемет көрсетіп, бірнеше рет биске шақырды.Оқи отырыңыз:
париж
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/10/18913636_0:0:1080:679_1920x0_80_0_0_9c2b3553d35b974fef2f45ae5ac3e5de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
париж, концерт, тәуелсіздік күні
париж, концерт, тәуелсіздік күні
Парижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті – фото
15:14 16.12.2021 (жаңартылды: 12:26 09.08.2023) Әртістер халқымыздың ұлттық құндылықтары көрініс тапқан "Япурай" және "Көроғлы" туындыларын ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Парижде қазақстандық музыкалық мәдениеттің озық үлгілерін паш еткен "FORTE-TRIO" ұжымына француз жұртшылығы зор қошемет көрсетті. Шетелдік көрермендерді тамсандырған "FORTE-TRIO" мемлекеттік триосының бұл концерті Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған халықаралық гастрольдер аясында өтті.
Қазақстандық әртістер Париж төрінде орналасқан әйгілі Сortot залында өнер көрсетті. Ғасырға жуық тарихы бар, акустикасы ерекше бұл концерттік залды әлемдік классикалық өнердің жарық жұлдыздары ерекше бағалайды. FORTE-TRIO концерті туралы осыдан біраз уақыт бұрын Сortot залының сайтында жарияланған афиша көрермен назарына бірден ілікті.
Трионың шеберлігі қазақстандық әртістердің өнерін тамашалауды асыға күткен көрермендердің көңілінен шықты. Трио әртістері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұжымның негізін қалаушы Тимур Урманчеев (фортепиано), халықаралық байқаулардың лауреаттары Мұрат Нарбеков (виолончель) пен Шолпан Манкеева (скрипка) отандық музыкалық өнерді жоғары деңгейде көрсете білді.
Ұлттық және әлемдік классикалық репертуардан тұратын концерттік бағдарлама талғампаз шетелдік көрерменді бірден баурап алды. Әртістер халқымыздың ұлттық құндылықтары көрініс тапқан "Япурай" және "Көроғлы" туындыларын ұсынды.
Трио Еуразия кеңістігінде орналасқан ұжым ретінде түрлі музыкалық бағыттарды шебер игергенін тағы да дәлелдей түсті. Ыстық ықыласын аямаған тыңдарман әртістерге зор қошемет көрсетіп, бірнеше рет биске шақырды.