Денсаулық

Музыканы құлаққаппен күніне қанша уақыт тыңдауға болады

© Photo : Unsplash/Kreeson NaraidooВ ожидании Airpods. Возможно, уже в начале 2021 года в продажу поступят новые наушники Apple
В ожидании Airpods. Возможно, уже в начале 2021 года в продажу поступят новые наушники Apple - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2021
Жазылу
Дәрігердің айтуынша, тым қатты дыбыстар есту аппаратынан миға импульс жіберетін жасушаларды зақымдайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Музыканы құлаққаппен күніне жарты сағаттан көп тыңдаса, есту қабілеті нашарлайды. 

Адамның есту аппараты 80-85 децибел дыбыс қабылдай алады. Ал құлаққаптағы дыбыс қарқындылығы 110 децибелге жетуі мүмкін. Ал бұл мотоцикл немесе рок-концерт шуымен тең, деді "Газете.Ru" басылымына медициналық сарапшы Полина Козлова.

Дәрігердің айтуынша, мұндай дыбыстар есту аппаратынан миға импульс жіберетін жасушаларды зақымдайды.

Егер құрылғы құлаққа тым терең орналастырылса, құлақ жарғағын зақымдау қаупі бар. Сондай-ақ, күкірт тығындары пайда болуы мүмкін. 

Мұндай жағдайда құлаққапты алмастыру керек, деп кеңес берді маман. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0