Парижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті – фото
15:14 16.12.2021 (жаңартылды: 12:26 09.08.2023)
© Photo : "Қазақконцерт" РМККПарижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті
© Photo : "Қазақконцерт" РМКК
Жазылу
Әртістер халқымыздың ұлттық құндылықтары көрініс тапқан "Япурай" және "Көроғлы" туындыларын ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Парижде қазақстандық музыкалық мәдениеттің озық үлгілерін паш еткен "FORTE-TRIO" ұжымына француз жұртшылығы зор қошемет көрсетті. Шетелдік көрермендерді тамсандырған "FORTE-TRIO" мемлекеттік триосының бұл концерті Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған халықаралық гастрольдер аясында өтті.
© Photo : "Қазақконцерт" РМККПарижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті.
Парижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті.
© Photo : "Қазақконцерт" РМКК
Қазақстандық әртістер Париж төрінде орналасқан әйгілі Сortot залында өнер көрсетті. Ғасырға жуық тарихы бар, акустикасы ерекше бұл концерттік залды әлемдік классикалық өнердің жарық жұлдыздары ерекше бағалайды. FORTE-TRIO концерті туралы осыдан біраз уақыт бұрын Сortot залының сайтында жарияланған афиша көрермен назарына бірден ілікті.
© Photo : "Қазақконцерт" РМККПарижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті.
Парижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті.
© Photo : "Қазақконцерт" РМКК
Трионың шеберлігі қазақстандық әртістердің өнерін тамашалауды асыға күткен көрермендердің көңілінен шықты. Трио әртістері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұжымның негізін қалаушы Тимур Урманчеев (фортепиано), халықаралық байқаулардың лауреаттары Мұрат Нарбеков (виолончель) пен Шолпан Манкеева (скрипка) отандық музыкалық өнерді жоғары деңгейде көрсете білді.
Ұлттық және әлемдік классикалық репертуардан тұратын концерттік бағдарлама талғампаз шетелдік көрерменді бірден баурап алды. Әртістер халқымыздың ұлттық құндылықтары көрініс тапқан "Япурай" және "Көроғлы" туындыларын ұсынды.
Трио Еуразия кеңістігінде орналасқан ұжым ретінде түрлі музыкалық бағыттарды шебер игергенін тағы да дәлелдей түсті. Ыстық ықыласын аямаған тыңдарман әртістерге зор қошемет көрсетіп, бірнеше рет биске шақырды.