Елорда тынысы

Елордада жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

© Sputnik / Абзал Калиевкілт
кілт - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Жазылу
Әкімнің айтуынша, жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру елорданың жас мамандарына арналған

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Елордада жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Қуанышты жаңалықты Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Әкімнің айтуынша, жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру елорданың жас мамандарына арналған.

"Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында "жетім балалар" санаты бойынша тұрғын үйге кезегінде тұрған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдениет және спорт салалары, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, полиция департаменті, төтенше жағдайлар қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындардың бейінді қызметкерлеріне арналған", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға "Отбасы банк" мен 2021-2023 жылдарға арналған "Elorda Jastary" бағдарламасы көмектеседі.

Бағдарламаның шарттары қандай:

  • Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда, жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес) жастар қатыса алады.
  • қалада кемінде бір жыл тіркеуде тұруы қажет,
  • "Отбасы банкте" жинақ шоты бар болуы керек,
  • бағдарлама үміткерінің жеке тұрғын үйі болмауға тиіс (соңғы 5 жыл ішінде),
  • ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы шарт.

Осылайша, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 18 млн теңгеге дейін қарыз ала алады (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталады, qatysu.zhilfond.kz порталында жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0