17:41 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Экономика
Қысқа сілтеме алу
141 0 0

Екінші тоқсанда қазақстандықтар тұрғын үй кредитіне жиі өтініш берген. Сарапшылар бұл қарқын үшінші тоқсанда да сақталғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Қазақстанда ІІ тоқсанда ипотекалық қарыз бойынша өтініш саны 30%-ке өсіп, 97 мыңды құрады. Ал мұндай өтінімдерді мақұлдау көрсеткіші 74%-тен 78%-ке дейін артты, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"2021 жылдың ІІ тоқсанында ипотекалық кредиттеу бойынша сұраныстың артуы "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша бөлінген лимитті игерудің аяқталуы туралы хабарландырумен байланысты. Сондай-ақ, зейнетақы жинағын баспана сатып алуға немесе жөндеуге жұмсау бойынша халық қызығушылығы әлі де жоғары", - деді Ұлттық банктегі қаржылық тұрақтылық пен зерттеулер департаменті директорының міндетін атқарушы Олжас Күбенбаев.

Келесі тоқсанда жекелеген банктер өз өнімдері бойынша проценттік мөлшерлемені төмендетуді жоспарлап отыр. Сәйкесінше ипотекалық кредиттеуге сұраныс артады, деді Күбенбаев.

Сауалнамаға Қазақстандағы 21 банк қатысты. Респонденттердің ақпараты бойынша, маркетингтік акциялар өткізу және проценттік мөлшерлемелерді өзгерту кепілсіз тұтынушылық қарыз бен автокредитке деген сұранысты арттырды.

Осы тоқсанда бұл кредиттер бойынша өтінім саны 31% және 11%-ке артып, мақұлдау көрсеткіші сәйкесінше 47% және 14%-ті құрады.

Банктердің жекелеген кредиттер ұсынуға дайындығы бұрынғы деңгейде қалды, деді Ұлттық банкте.

Тақырып бойынша

Тек әйелдерге берілетін ипотека: бағдарлама бойынша қашан өтініш қабылдана бастайды
Астана тұрғыны 140 мың жалақымен 2%-тік ипотеканы қалай алғанын айтып берді
Зейнетақы жинағын пайдалану: процентсіз ипотеканы қалай алуға болады
"Ипотека алуды жоспарладым": судья Жолманова өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды
Ипотеканы қай кезде жапқан тиімсіз – маман кеңес берді
Кілт сөздер:
Ұлттық банк, ипотека, қазақстандықтар
Загрузка...

Басты тақырып