23:18 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

Елордадағы Уәлиханов көшесінде "Chevrolet" пен "Daewoo Nexia" жүргізушісі бір-біріне жол бермей, сөзге келіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Екі жас жігіт кептеліс жиі болатын көшенің қақ ортасында төбелесіп қалды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Оқиға 31 мамырда сағат 10:30-да Шоқан Уәлиханов көшесінде болған. Ресми мәліметке сәйкес, "Chevrolet" пен "Daewoo Nexia" жүргізушісі бір-біріне жол бермей, сөзге келіп қалған. Жанжалдың арты төбелеске ұласты.

"Екеуі де ұсталып, полицияға жеткізілді. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді полицейлер.

Айта кетейік, бұзақылық үшін 2 000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жүмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында ауруханаға барған адам полицеймен төбелесті – оқиғаның видеосы

Осы орайда Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережесін бұзбай, басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасамау қажеттігін ескертеді.

Тақырып бойынша

"Басы тиіп кетті": Ақтау мал базарында жаппай төбелес болды – видео
Министрлік Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес туралы ақпарат берді
ММА жекпе-жегінен кейін жаппай төбелес басталды – видео
Нұр-Сұлтанның қақ ортасында болған төбелес видеоға түсірілді
Бейнеуде соңғы қоңырау күні жаппай төбелес болды – видео
Кілт сөздер:
жүргізушілер, төбелес
Загрузка...

Басты тақырып