Халық киімдерінің ең мәнерлісі, ең өзгешесі – әйелдер бас киімі. Қазақ адамның бас киіміне қарай қай таптың, қай тектің өкілі екенін таныған. Сондықтан тұрмыс құрмаған қыздар мен келіншектің бас киімі, жаулығына ерекше мән берілген.

Қазақ халқының бас киімі екі топқа бөлінеді: ерлер және әйелдер бас киімі. Тұрмысқа шықпаған қыздар ерлер бас киіміне ұқсас бас киім киген. Оның ішінде тақия бар, ол бағалы тастармен көмкеріліп, төбесіне үкі тағылған. Тұрмыс құрмаған қыздар киген тағы бір бас киім – бөрік.

Кей пікірге сай, бөрік – "бөрі" қасқыр деген сөзден шыққан. Ал қасқыр түрік тайпасының байырғы тотемі саналған. Бөрік қозы, қой немесе түрлі аң терілерінен әртүрлі үлгіде тігіледі. Төбесі көбінде төрт сай немесе алты сай болады.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0