АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім аман-есен табылды.
9 мамырда полицияға баланың ата-анасы хабарласып, баласының бір күн бұрын қосымша сабаққа кетіп, үйге оралмағанын айтқан.
Кейін жасөспірімнің ата-анасымен болған түсініспеушіліктен кейін өз еркімен үйден кетіп қалғаны анықталды.
Ол автобуспен соңғы аялдамаға дейін барып, кейін тасжолмен жаяу жүрген. Жасөспірім Ақжар ауылындағы мешітте түнеп шыққан.
Полицейлер оны қала сыртындағы тасжол бойынан тауып, аман-есен ата-анасына тапсырды.