Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім табылды

CC0 / Wokandapix / Подросток за забором, архивное фото
Подросток за забором, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2026
Жазылу
Жасөспірім Ақжар ауылындағы мешітте түнеп шыққан
АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім аман-есен табылды.
9 мамырда полицияға баланың ата-анасы хабарласып, баласының бір күн бұрын қосымша сабаққа кетіп, үйге оралмағанын айтқан.
Кейін жасөспірімнің ата-анасымен болған түсініспеушіліктен кейін өз еркімен үйден кетіп қалғаны анықталды.
Ол автобуспен соңғы аялдамаға дейін барып, кейін тасжолмен жаяу жүрген. Жасөспірім Ақжар ауылындағы мешітте түнеп шыққан.
Полицейлер оны қала сыртындағы тасжол бойынан тауып, аман-есен ата-анасына тапсырды.
Борьба с паводками в Костанайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2026
Ақмола облысындағы ауылды су басты: бір адам жоғалып кетті
Жаңалықтар
0