Ақмола облысындағы ауылды су басты: бір адам жоғалып кетті

© Photo : Акимат Костанайской области Борьба с паводками в Костанайской области
Борьба с паводками в Костанайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2026
Жазылу
Тұрғындардың айтуынша, жолдарды су басып, азық-түлікке қатынау қиындап кеткен
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Ақмола облысы Астрахан ауданы Ескі Қалқұтан ауылын су басып, бір адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ауылды қызыл су басқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр. Тұрғындардың айтуынша, жолдарды су басып, азық-түлікке қатынау қиындап кеткен. Сондай-ақ ауылда ер адам жоғалып кеткен.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жоғалған адамды іздеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады.
Ол үйден шығып кеткен күйі қайтып оралмаған.
"Полицияға ер адамның бауыры шағымданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция тарапынан да іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу барысы бақылауда", - дейді Ақмола облысының полиция департаментінде.
Ал су тасқынына қатысты облыстық әкімдік жағдай тұрақты дейді.
"Су басқан тұрғын үйлер жоқ. Шамалы жауын-шашын 7-10 сәуір аралығында болады деп болжануда, бұл су тасқыны жағдайына әсер етпейді", - дейді Ақмола облысының әкімдігінде.
Әкімдік Ескі Қалқұтан ауылында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ дейді. Бұл ауылда 219 түтін 501 адам тұрады. Ауыл тұрғындары арасында шұғыл эвакуацияны қажет ететін адамдар, сондай-ақ ауыр науқастар немесе жүкті әйелдер жоқ.
"Ауылда азық-түліктің, жанар-жағармай материалдарының және басқа да қажетті тауарлардың жеткілікті қоры бар. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің екі құтқару бригадасы кезекшілік етеді, қажет болған жағдайда халықты шұғыл эвакуациялау жүргізіледі", – дейді облыстық әкімдікте.
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Түркістан облысында жолды су шайып кетті
Жаңалықтар
0