АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары аясында инновациялық шешімдер ұсынатын GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді.
Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады.
"Мемлекет басшысына Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен оның базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның ішінде "Қазақтелеком" АҚ байланыс орталығының тұтынушылар шағымын оператордың қатысуынсыз өңдейтін ЖИ-ассистенті таныстырылды", - деп жазылған хабарламада.
Тоқаевқа алаяқтар қоңырауын анықтайтын ЖИ-ассистенті таныстырылды
© Photo : Президенттің баспасөз қызметі
Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі.
Сондай-ақ президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді.
Атап айтқанда, KEDEN бірыңғай цифрлық платформасы кедендік бақылау үдерісін оңтайландыруға және жетілдіруге, сауда барысы мен шекарадан өтуді жеңілдетуге арналған.
Тоқаевқа алаяқтар қоңырауын анықтайтын ЖИ-ассистенті таныстырылды
© Photo : Президенттің баспасөз қызметі
Сонымен қатар мемлекет басшысы Алматы қаласының ІТ экожүйесімен және білім беру, маман даярлау, балалар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол-көлік қозғалысын бақылау секілді цифрлық шешімдермен таныстыжәне Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралады.