https://sputnik.kz/20260504/toqaevqa-alayaqtar-qonyrauyn-anyqtaytyn-zhi-assistenti-tanystyryldy-63175064.html
Тоқаевқа алаяқтар қоңырауын анықтайтын ЖИ-ассистенті таныстырылды
Тоқаевқа алаяқтар қоңырауын анықтайтын ЖИ-ассистенті таныстырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары аясында инновациялық шешімдер ұсынатын GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026... 04.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-04T17:15+0500
2026-05-04T17:15+0500
2026-05-04T17:18+0500
президент
алматы
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07ea/05/04/63173312_0:62:1280:782_1920x0_80_0_0_4395750d07ba55729b7528b3a6c35b1c.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары аясында инновациялық шешімдер ұсынатын GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді.Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады.Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі.Сондай-ақ президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді.Атап айтқанда, KEDEN бірыңғай цифрлық платформасы кедендік бақылау үдерісін оңтайландыруға және жетілдіруге, сауда барысы мен шекарадан өтуді жеңілдетуге арналған.Сонымен қатар мемлекет басшысы Алматы қаласының ІТ экожүйесімен және білім беру, маман даярлау, балалар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол-көлік қозғалысын бақылау секілді цифрлық шешімдермен таныстыжәне Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралады.
https://sputnik.kz/20260504/bul--qazaqstan-ushin-alandatarlyq-akhual-toqaev-ukimetke-tapsyrma-berdi-63156368.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/04/63173312_78:0:1202:843_1920x0_80_0_0_277bf45fa8d9473fcc7e14fc47a3e68e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, алматы, цифрландыру
президент, алматы, цифрландыру
Тоқаевқа алаяқтар қоңырауын анықтайтын ЖИ-ассистенті таныстырылды
17:15 04.05.2026 (жаңартылды: 17:18 04.05.2026) АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары аясында инновациялық шешімдер ұсынатын GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді.
Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады.
"Мемлекет басшысына Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен оның базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның ішінде "Қазақтелеком" АҚ байланыс орталығының тұтынушылар шағымын оператордың қатысуынсыз өңдейтін ЖИ-ассистенті таныстырылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі.
Сондай-ақ президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді.
Атап айтқанда, KEDEN бірыңғай цифрлық платформасы кедендік бақылау үдерісін оңтайландыруға және жетілдіруге, сауда барысы мен шекарадан өтуді жеңілдетуге арналған.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Алматы қаласының ІТ экожүйесімен және білім беру, маман даярлау, балалар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол-көлік қозғалысын бақылау секілді цифрлық шешімдермен таныстыжәне Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралады.