"Бұл – Қазақстан үшін алаңдатарлық ахуал": Тоқаев үкіметке тапсырма берді
13:56 04.05.2026 (жаңартылды: 14:32 04.05.2026)

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өткен жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, цифрлық экономика туралы тұжырымдама әлі толық жасақталмаған, қолданыстағы әдістеме бір ізге түспеген.
"Ішкі жалпы өнімді бес пайызға жеткізу туралы айтқанда, нақты экономика секторындағы өсім мен инновация нәтижесіндегі табыстың ара жігін ажырата білу керек. Жалпылама көрсеткіштер көбіне жұмыстың тиімділігін емес, алдамшы көрініс қалыптастырып жатады. Сондықтан бұл цифрландыру мен жасанды интеллектінің ел экономикасына қосқан нақты үлесін бағалауға мүмкіндік бермейді", – деді мемлекет басшысы.
Президент дамыған және дамушы экономикалар арасындағы алшақтық тез ұлғайып келе жатқанын атап өтті.
"Жасанды интеллектінің бір ерекшелігі – капитал да, технология да көшбасшылардың қолына шоғырланады. Уақтылы әрі батыл шешім қабылдамаса, ертең "технологиялық алшақтықты" қысқарту қиынға соғады. Бұл – Қазақстан үшін алаңдатарлық ахуал", - деп толықтырды Тоқаев.

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы
Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы
Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы
Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы
Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы
Президент Қазақстан классикалық "Орта табыс дағдарысына" тап болды деген сарапшылардың пікірімен келіспеске амал жоқ екенін атап өтті.
"Мұндай кезде табиғи ресурстар мен арзан жұмыс күші секілді дәстүрлі ресурстар сарқыла бастайды, ал экономикалық өсімге серпін беретін жаңа салалар тиісті деңгейде дамымайды немесе іске қосылмайды. Экономиканың тұралауына жол бермеу үшін үлкен цифрлық платформалар құру қажет. Сол арқылы цифрлық экономикаға жедел ауысу амалын іздеген дұрыс. Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ", - дейді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша осы орайда мемлекеттік сервистерді көзге көрінбейтін, бірақ өте тиімді операциялық жүйеге трансформациялау керек.
"Сонда шамадан тыс бюрократиялық талаптардан құтыламыз. Қазіргі жүйе бойынша сұраныс жіберуден бастап шешім қабылдауға дейінгі аралыққа бірнеше күн немесе бірнеше апта кетеді. Негізі, аталған цикл бірнеше секундқа дейін қысқаруға тиіс. Сол кезде елдегі капитал айналымы жеделдей түседі", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.