АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Шымкентте кәсіпкердің 25 млн теңгесін алдап алды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
"2025 жылдың қыркүйек айында ер адам өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңгені иемденген", - деп жазылған хабарламада.
Ақша медициналық мекемені тексерілетін субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал етемін деген сылтаумен алынған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.