https://sputnik.kz/20260220/bireui-kameletke-tolmagan-shymkentte-khalyqty-aldap-soqqan-10-adamga-ukim-shyqty-61326356.html
Біреуі кәмелетке толмаған: Шымкентте халықты алдап соққан 10 адамға үкім шықты
Біреуі кәмелетке толмаған: Шымкентте халықты алдап соққан 10 адамға үкім шықты
Sputnik Қазақстан
Қаржы пирамидасы 600 млн теңгеден аса қаражат тартқан 20.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-20T22:16+0500
2026-02-20T22:16+0500
2026-02-20T22:16+0500
қаржы пирамидасы
шымкент
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_0:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_6f71b833f8ec0fb9ee507c535ab8a622.jpg
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Шымкент сотында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы мен көмекшілеріне үкім шықты, деп хабарлайды қалалық сот.Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында он сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бір сотталушы қылмысты кәмелетке толмаған кезде жасаған.Оған қоса қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында куәгерге жалған айғақ беру үшін оның есеп шотына үшінші тұлғалардың атынан ақша аударған.Қалған тоғыз сотталушы салымшыларға банктік реквизиттерді ұсынған және банктік чектерді қабылдаған. Олар пирамида ұйымдастырушысына белсенді жәрдемдескен.Тоғыз сотталушы 3 жылдан 7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Алты сотталған жазасын үш жылдан кейін өтейді.Ал қылмысты кәмелет жасына толмаған кезде жасаған сотталушыға ҚК-нің 63-бабы негізінде кесілген жаза шартты деп белгіленіп, оған 1 жыл пробациялық бақылау тағайындалды.
https://sputnik.kz/20260128/khalyqty-qarzhy-piramidalaryna-tartatyndar-da-turmege-otyrgyzylady--prezident-60743233.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_649:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_a936e5b7c3620d65f1e53e15a429bda1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, шымкент, сот үкімі
қаржы пирамидасы, шымкент, сот үкімі
Біреуі кәмелетке толмаған: Шымкентте халықты алдап соққан 10 адамға үкім шықты
Қаржы пирамидасы 600 млн теңгеден аса қаражат тартқан
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Шымкент сотында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы мен көмекшілеріне үкім шықты, деп хабарлайды қалалық сот.
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында он сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бір сотталушы қылмысты кәмелетке толмаған кезде жасаған.
"Сотталушы Қ. 2024-2025 жылдар аралығында аса ірі мөлшерде қаржыны тарта отырып, қаржы пирадимидасын ұйымдастырған. Ол алған ақшаны жоғары пайызбен қайтаратынын айтқан. Сөйтіп 600 млн теңгеден аса ақша қаражаттарын тартқан", - дейді сот.
Оған қоса қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында куәгерге жалған айғақ беру үшін оның есеп шотына үшінші тұлғалардың атынан ақша аударған.
Қалған тоғыз сотталушы салымшыларға банктік реквизиттерді ұсынған және банктік чектерді қабылдаған. Олар пирамида ұйымдастырушысына белсенді жәрдемдескен.
"Сот басты ұйымдастырушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бірақ Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазасын 1 жылдан кейін өтейді", - деп жазылған хабарламада.
Тоғыз сотталушы 3 жылдан 7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Алты сотталған жазасын үш жылдан кейін өтейді.
Ал қылмысты кәмелет жасына толмаған кезде жасаған сотталушыға ҚК-нің 63-бабы негізінде кесілген жаза шартты деп белгіленіп, оған 1 жыл пробациялық бақылау тағайындалды.