https://sputnik.kz/20260128/khalyqty-qarzhy-piramidalaryna-tartatyndar-da-turmege-otyrgyzylady--prezident-60743233.html
Халықты қаржы пирамидаларына тартатындар да түрмеге отырғызылады – президент
Халықты қаржы пирамидаларына тартатындар да түрмеге отырғызылады – президент
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы тиісті заңнамалық түзетулер әзірленсе, бәрін қолдауға дайын екенін де айтты 28.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-28T15:38+0500
2026-01-28T15:38+0500
2026-01-28T15:40+0500
президент
қаржы пирамидасы
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07ea/01/1c/60739735_0:37:1280:757_1920x0_80_0_0_af27c454739329c836117a2113d2b1db.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларына адам тартатын азаматтар үшін қылмыстық жазаға енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Былтыр қаржы пирамидаларына қатысты жүздеген іс тергелді. Алайда қабылданып жатқан шаралар да, түсіндіру жұмыстары да жағдайды түбегейлі өзгерте алмай отыр. Президенттің айтуынша, проблеманың түп тамырын анықтаған жөн.Мемлекет басшысы тиісті заңнамалық түзетулер әзірленсе, бәрін қолдауға дайын екенін де айтты."Мәселені қарастырыңыздар. Осы тектес батыл шешімдер қабылдамасақ, ахуалдың оңала қоюы екіталай. "Баяғы жартас – сол жартас" күйінде қала береді", – деді президент.
https://sputnik.kz/20260128/sauatsyz-ashkoz-zhemqorlyqqa-beyim-adam-eshqashan-patriot-bola-almaydy---toqaev--60739263.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/1c/60739735_112:0:1169:793_1920x0_80_0_0_30a0eeb5421d14e920cc02b0a45949e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қаржы пирамидасы, қылмыстық іс
президент, қаржы пирамидасы, қылмыстық іс
Халықты қаржы пирамидаларына тартатындар да түрмеге отырғызылады – президент
15:38 28.01.2026 (жаңартылды: 15:40 28.01.2026) Мемлекет басшысы тиісті заңнамалық түзетулер әзірленсе, бәрін қолдауға дайын екенін де айтты
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларына адам тартатын азаматтар үшін қылмыстық жазаға енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр қаржы пирамидаларына қатысты жүздеген іс тергелді. Алайда қабылданып жатқан шаралар да, түсіндіру жұмыстары да жағдайды түбегейлі өзгерте алмай отыр. Президенттің айтуынша, проблеманың түп тамырын анықтаған жөн.
"Өз әрекетінің заңсыз екенін біле тұра, адамдарды түрлі алаяқтық схемаларға тартатын пирамида қатысушыларына құқықтық жауапкершілік енгізу мәселесін қарастыру қажет. Мұндай алаяқтарды немесе қымсынбай қылмысқа баратын жандарды түрмеге қамап, қылмыстық жазаға тарту керек", - деді Тоқаев қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиында.
Мемлекет басшысы тиісті заңнамалық түзетулер әзірленсе, бәрін қолдауға дайын екенін де айтты.
"Мәселені қарастырыңыздар. Осы тектес батыл шешімдер қабылдамасақ, ахуалдың оңала қоюы екіталай. "Баяғы жартас – сол жартас" күйінде қала береді", – деді президент.