Шымкент тұрғыны кәсіпкерді алдап, 25 млн теңге алған

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Жазылу
Ол өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Шымкентте кәсіпкердің 25 млн теңгесін алдап алды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
"2025 жылдың қыркүйек айында ер адам өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңгені иемденген", - деп жазылған хабарламада.
Ақша медициналық мекемені тексерілетін субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал етемін деген сылтаумен алынған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Монеты, финансы, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2026
Біреуі кәмелетке толмаған: Шымкентте халықты алдап соққан 10 адамға үкім шықты
Жаңалықтар
0