Тоқаев Жапония парламентінің өкілін "Достық" орденімен марапаттады

Марапат Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдады.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасы, парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылды.
Президент Жапония еліміздің Азиядағы негізгі әрі сенімді серіктесі екенін айтты.

" Мен былтыр Жапонияға ресми сапармен бардым. Оның қорытындысы қазақ-жапон байланыстарын жаңа деңгейге көтерді. Сапар аясында құрметті Санаэ Такаичи ханыммен екіжақты қарым-қатынастың барлық бағытын қамтитын бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Сапар кезінде сауда, ғылым және білім, цифрландыру, экология, ауыл шаруашылығы саласына қатысты 17 ведомствоаралық маңызды құжат бекітілді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы аталған саммит келесі жылы Астанада өтетінін еске салып, оған дайындық жұмыстары басталып кеткенін жеткізді.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ясутоши Нишимураны І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Сонымен қатар Президент пен Достық лигасының төрағасы мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады.
Тоқаев Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына шақырды