Тоқаев Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына шақырды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВо Дворце Независимости Главу государства встретил Президент Беларуси Александр Лукашенко
Во Дворце Независимости Главу государства встретил Президент Беларуси Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырды. Аталған жиындар мамыр айының соңында Астана қаласында өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Әңгімелесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Айта кетері, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес — Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің басшылары жиналып, ең маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы орган.
Жаңалықтар
0