https://sputnik.kz/20260430/toqaev-zhaponiya-parlamentinin-okilin-dostyq-ordenimen-marapattady-63089216.html
Тоқаев Жапония парламентінің өкілін "Достық" орденімен марапаттады
Тоқаев Жапония парламентінің өкілін "Достық" орденімен марапаттады
Sputnik Қазақстан
Марапат Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін... 30.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-30T13:42+0500
2026-04-30T13:42+0500
2026-04-30T13:43+0500
қазақстан
жапония
марапат
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1e/63088144_0:76:1280:796_1920x0_80_0_0_0320a760219dc09e68ca1ca4e9b6eac8.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдады.Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасы, парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылды.Президент Жапония еліміздің Азиядағы негізгі әрі сенімді серіктесі екенін айтты.Мемлекет басшысы аталған саммит келесі жылы Астанада өтетінін еске салып, оған дайындық жұмыстары басталып кеткенін жеткізді.Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ясутоши Нишимураны І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.Сонымен қатар Президент пен Достық лигасының төрағасы мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады.
https://sputnik.kz/20260429/toqaev-lukashenkony-zhogary-euraziyalyq-ekonomikalyq-kenestin-otyrysyna-shaqyrdy-63060147.html
қазақстан
жапония
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1e/63088144_59:0:1222:872_1920x0_80_0_0_cb68a05c527ac2b0e3331d6bd01cc197.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, жапония, марапат
қазақстан, жапония, марапат
Тоқаев Жапония парламентінің өкілін "Достық" орденімен марапаттады
13:42 30.04.2026 (жаңартылды: 13:43 30.04.2026) Марапат Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдады.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасы, парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылды.
Президент Жапония еліміздің Азиядағы негізгі әрі сенімді серіктесі екенін айтты.
" Мен былтыр Жапонияға ресми сапармен бардым. Оның қорытындысы қазақ-жапон байланыстарын жаңа деңгейге көтерді. Сапар аясында құрметті Санаэ Такаичи ханыммен екіжақты қарым-қатынастың барлық бағытын қамтитын бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Сапар кезінде сауда, ғылым және білім, цифрландыру, экология, ауыл шаруашылығы саласына қатысты 17 ведомствоаралық маңызды құжат бекітілді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы аталған саммит келесі жылы Астанада өтетінін еске салып, оған дайындық жұмыстары басталып кеткенін жеткізді.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ясутоши Нишимураны І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Сонымен қатар Президент пен Достық лигасының төрағасы мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады.